Т.Рысқұлов ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Ауданда соңғы 3 жылда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Оның көрсеткіші бүгінгі таңда Т.Рысқұлов ауданында «жақсы және қанағаттарлық жағдайдағы» көше жолдарының үлесі 93%-ға жеткен, яғни 316,95 шақырым  328 көше жолдары жөнделген.

Ауылдық елдімекендерде де тиісті жұмыстар жанданып келеді. Ағымдағы жылы «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде және аудандық бюджет есебінен 29,4 шақырым құрайтын 34 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Көгершін аулының 8 көше жолдарын жөндеу, Р.Сәбденов ауылының 3 көше жолдарын жөндеу және Қызылшаруа ауылының 3 көше жолдарын жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Ал аудандық қаржы есебінен Құлан ауылының 19 көше жолдарын жөндеу және Қарақыстақ ауыл округінің 6 көше жолдарын жөндеу, барлығы 25 жоба қолға алынып отыр.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысқан аудан әкімі Ерболат Садырқұлов мердігер мекемеге бірқатар тапсырмалар беріп, өз бақылауында екенін жеткізді.

Сондай-ақ, «Қайынды ауылына кіре беріс» 0-5,12 шақырым және «Ақыртөбе-Тереңөзек-Қайынды» 0-15,0 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге оң ведостволық қорытынды алынып бюджеттік тапсырыс берілген.

Жол сапасынан бөлек, жол қозғалысының қауіпсіздігі де назардан тыс қалмай, ағымдағы жылы аудан ішіндегі елді мекен көше жолдарының 38 мектеп, 17 бала бақша алдына жаяу жүргінші өткелдері мен жол сызықтарын жүргізуге жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп келеді.

Осы жылы аталған жоғарыда көрсетілген 59 көшенің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталса, кезең-кезеңімен басқа көшелерге де кезек берілетін болады.

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы