Улы газдан сақ болыңыздар

Улы газ – иісі жоқ уландырғыш газ, оны көру немесе иісі арқылы тану мүмкін емес және одан адам бірнеше минут ішінде-ақ өліп кетуі мүмкін.

Улы газ кез келген отынды, мысалы, газ, мұнай, керосин, ағаш отын немесе көмірді жаққанда шығады. Әдетте, от жағатын құрал (мысалы, пеш) дұрыс жұмыс істеп және пайдаланылып тұрса, қауіпті емес. Ең көп тараған көздері — бұл газ және май пештері, ағаш пеші, газ құралдары, бассейндердегі жылыту құралдары және қозғалтқыштар, жанып біткен газ шығарушы құбыр. Пештегі жарықтар, мұржалардың толып қалуы, бітеліп қалған құбырлар – бұлар улы газдың тұрғын үйлерге, бөлмелерге тарауына әкеліп соғады. Пешке таза ауаның жеткіліксіздігінен де үй ішіне улы газ жиналып қалуы мүмкін. Үйдегі бөлмелердің тар болуынан ауа алмасуы нашар болады да, улы газбен улану қаупі күшейе түседі.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокуратурасының бастамасымен бұған дейін аудан әкімі аппараты және төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен аудан аумағында орналасқан көп қабатты және тұрғын үйлерде улы газдан уланудың алдын алу мақсатында түсіндірме-профилактикалық іс-шаралар жүргізілген.

Қауіпсіздік шараларын сақтау барлығымызға белгілі, бірақ қала аумағында улы газдан улану фактілері толастамауда.

Улы газдан улану фактілері көбінесе көмір немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан орын алуда.

Сондықтан бәрімізге мәлім қарапайым қағидаларды қатаң сақтауымыз қажет. Ол үшін:

— жұмыс істейтін пешті қараусыз қалдырмау;

— пеш қалауларындағы түтін мұржасын уақытылы тазалату;

— ешқашан, тіпті, есіктері ашық болса да, қозғалтқышы қосулы машинаны гаражда қалдырмаңыз;

— ағаш көмірді үйде, палаткада, машинада немесе гаражда ешқашан жақпаңыз;

— генераторды далада қосқан күнде де оның ашық терезе мен есіктің қасында тұрмағанына көз жеткізіңіз;

— құрылғыларды өздеріңіз жөндеуге тырыспай, олқылық байқалған жағдайда білікті маманға жүгіну;

— Ғимараттың газ жабдығы тұратын жерінде таза ауа кіріп тұратындай етіп терезені ашу немесе желдеткіш каналының болуын қадағалау қажет.

Осы іс-шара барысында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін арнайы даярланған агитациялық парақшалары таратылып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілген.