«Цифрлық Қазақстан» — халықтың өмір сүру сапасын арттырады

«Цифрлық Қазақстан» — халықтың өмір сүру сапасын арттырады. Ел экономикасының даму қарқынын жеделдетіп, көптеген әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технология замынында ІТ саласын дамытпасақ, озат отыздықтан көрінуіміз екі талай. Өйткені өркениетті елдердің барлығы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсіпті дамытып, елдің тұрмысын түзетіп келеді.  Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысындағы қоғамдық тәртіп сақтау саласында да сәтті жүзеге асуда.

Бүгінгі таңда, Түркістан қаласында пилоттық жоба ретінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, «Трафик-Сканер М» 2 дана фото-видео комплексті орнатылды. Осы бағытта тағы «Ақылды жол қиылыс» 1 дана (бейне ақпараттар жергілікті кезекшілік полиция бөлімшесіне шығарылады); Сонымен қатар, ақылды қала жобасымен тұрғын үйлерге 8 дана бейнебақылау камерасы орнатылды және пилоттық жоба ретінде жол ережелерін бақылау үшін 6-бейнекамера орнатылды. 2016 жылы орнатылған барлық 41 камераларды толықтай қалпына келтірілу жұмыстары қолға алынды. 2019 жылдың 3 тоқсанында Орталықтан жедел басқару (ЦОУ) және Өңдеу орталығын (ПЦ) ашумен қатар, жол ережелерін бақылайтын 25 фото-бейне камера және құқық бұзушылықтарды анықтайтын 3 камера орнатылу көзделуде. «112» диспетчерлік орталық негізінде жұмыс істейтін пилоттық жобасы енгізілді.

Жоғарыда көрсетілген құрылғылар (МЖС есебінен) Шымкент қаласындағы бейне бақылау жүйесімен және ары қарай ҚР ІІМ жүйесімен интеграцияланады. Орта есеппен ай сайын бюджетке 1 млн 400 теңге түседі.

Облыстық тәртіп сақшылары аталмыш жоба қылмыс пен жол көліктік оқиғалар саны 20-25% төмендетеді, дейді.Сондай-ақ, төтенше жағдайлар, құқық бұзушылықтар, адамдардың қаза болу мен жарақаттанушылығы санын айтарлықтай төмендеуі, оның ішінде ашылуын арттыруына септігін тигізеді. Жол жүру ережелерін бұзылуын 50 % қысқартады деп күтілуде. Төтенше жағдайлар кезінде немесе одан болатын залалды азайту жоспарлануда. Қауіпсіз қала кешенді қатысушылары қызметтерінің әрекет ету жылдамдығын арттыру және салдарын жою уақытын қысқарту да аталмыш жүйе арқылы жүзеге асуы ықтимал.

«Цифрлық Қазақстан» тек тұрмыстық қажеттіліктерді емес, өндіріс, денсаулық, білім саласының сұранысын қамтиды. Бір сөзбен Цифрлық Қазақстан — үлкен мүмкіндіктер сыйлайды.

Ntime.kz