Ордабасыда Шаңырақ күніне орай көрме қойылды

Шаңырақ күні

Бүгін Наурызнаманың төртінші күні — Шаңырақ күні Ордабасы ауданында кең көлемде аталып өтілді. Шараға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов арнайы қатысып, отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған өнер туындыларының көрмесіне келген тұрғындарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары “Шапағат” орталығында болып, ондағы балаларға «наурыз кәде» жасады.

Айта кетсек, елімізде биыл Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы қабылданған болатын. Наурыз мейрамының мән-мағынасы мен мазмұнын байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі жарияланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі