Шетелдік байқаушылар сайлау демократиялық талаптарға сай өтіп жатқанын айтты

Сайрам ауданындағы А.Байтұрсынов, М.Сапарбаев орта мектептері мен Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде орналасқан №560, №561, №531 сайлау учаскелеріне шетелдік байқаушылар келіп, сайлау барысын бақылады.

Ресей мемлекетінен Наталья Харитонова мен АҚШ-ТАН Хемфил Стефан Рай учаскелерде жұмыс істеп жатқан бақылаушылардың жұмысымен танысып, сайлаудың өз заңдылығына сәйкес жүріп жатқанын атап өтті.

Түркістан облысы бойынша 19 наурызға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауын өткізу барысын 16 шет мемлекеттен 25 байқаушының бақылауы жоспарланған болатын.