Шымкентте «Арманда» білім бизнес-форумы өтеді

«АРМАНДА» — қоғам қайраткерлерін, меценаттарды және барлық мүделлі қазақстандықтарды біріктіретін форум.

Форум өз мақсаты — білім беру, отбасылық құндылықтарды сақтау, жастардың рухани және әлеуметтік дамуы бойынша қоғам арасындағы ең өзекті тақырыптар бойынша пікірталас алаңын құруды көздейді.

Тур Қазақстанның 17 қаласында өтеді. Атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Павлодар, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Көкшетау, Петропавл, Семей, Өскемен, Қостанай, Жезқазған, Талдықорғанда белгіленіп отыр.

Сонымен қатар, 2023 жылдың қазан-желтоқсан айл аралығында форумға қатысушылар өңірлердегі балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне және басқа да әлеуметтік мекемелерге барып, суденттермен және аз қамтылған отбасылармен кездеседі.

Форум спикерлері:

• Арман Давлетяров – шараның негізін қалаушы және ұйымдастырушы, психология ғылымдарының кандидаты, медиаменеджер және қоғам қайраткері

• Нұрлан Байжігітұлы (Нұрлан имам) – отбасы мен руханиятты, қазақ халқының салт-дәстүрі мен дінін ұйыстырған белгілі дінтанушы, Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы

• Ляйла Сұлтанқызы — қоғам қайраткері, қазақ қоғамындағы әйел рөлі мен отбасы құндылықтары мәселелерін көтеретін журналист

• Жандарбек Бұлғақов — айтыскер ақын

«АРМАНДА» білім бизнес-форумы тек арман туралы ғана емес, ол білім, мақсат, әрекет, қозғалыс, қуат, еңбек және нәтиже туралы шара!