Шымкентте «Жолда қабылдау» акциясы аясында тұрғындар сұрақтарына жауап алуда

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Жолда қабылдау» акциясы барлық сақтық шаралары мен карантин талаптарын сақтай отырып өтуде. Ашық аспан астында ұйымдастырылған акция барысында азаматтар арасында әлеуметтік арақашықтық және санитарлық ережелердің сақталуы ескерілген. Осы орайда полиция қызметкерлеріне 161 жергілікті тұрғын жүгінген. Тұрғындар полиция қызметкерлеріне құқықтық көмек алуға, қоғамдық және жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамаларын ұстану және онлайн режимінде айыппұлды қарау, төлеу, көлікті тіркеу, жасанды жол кедергілері сынды сауалдарын қойып, сала мамандарынан нақты жауабын алған. Еске сала кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен екі күн бойы, яғни 2021 жылғы 15-16-қазан күндері республика көлемінде «Жолда қабылдау» акциясы өтуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі