Шымкентте жүргізушілер мен кондукторлар марапатталды

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, мекеме директоры Азат Қайыпбеков, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қарлығаш Қолдасбекова «Shymkent BUS» ЖШС-інің жұмысшыларын ҚР Тәуелсіздің күнімен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, марапаттады.Салтанатты жиын барысында алдымен, жүргізуші Каримжан Нарметовке өрт салдарын басынан өткергені үшін қолдау ретінде кәсіподақ қазынасынан арнайы 50 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.Сондай-ақ, еселі еңбегімен көзге түскен бірқатар жүргізушілер мен кондукторларға Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Атап айтсақ, 5 колоннадан жалпы 50 жүргізуші және 10 кондуктор қаржылай сыйлықтарға ие болды.Салтанатты жиында сөз алған Бауыржан Ілімшеұлы Тәуелсіздіктің ел тарихында алар орны ерекше екенін атап өтті. Бабалар қанымен келген Тәуелсіздік әрқайсымыздың жадымызда сақталуы тиіс екенін және бұдан асқан елімізде мереке жоқ екенін жеткізді. Сонымен қатар, жұмысшыларға Жаңа жылда жаңа табыстарға жетуіне тілектес екенін айтып, өз ісіне адал жүргізушілер мен кондукторларға алғысын білдірді.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы