Шымкентте Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері шетелдік студенттермен кездесті

2021 жылдың 19-қазанында Шымкент ҚПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде кездесу ұйымдастырып, шетелдік студенттер үшін көші-қон заңнамасына байланысты мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық семинар өткізді. Полиция қызметкерлері шетел студенттеріне көші-қон есебі, Қазақстан Республикасының аумағына келу және кету тәртібі, көші-қон картасы жоғалған жағдайда не істеу керек екендігі туралы және Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жргізді. Кездесу барысында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Жоғары оқу орындарының өкілдері мен студенттер полицейлерге ұйымдастырылған кездесу үшін алғыстарын білдірді. Кездесу соңында Шымкент қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері өздерінің байланыс нөмірлерін қалдырды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі