Шымкентте сантехникалық бұйымдар шығаратын зауыт іске қосылады

Қаладағы тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуына байланысты нарықта сантехникалық бұйымдарға деген сұраныс өте жоғары. Осы мақсатта миллион тұрғыны бар мегаполисте алдағы уақытта сахтехникалық құралдар мен бұйымдар өндіретін зауыт қосу жобасы жүзеге асырылмақ.
Зауыт «Жұлдыз» индустриалдық аймағындағы 4 гектар жерде орналасқан.

Аталған аймақтағы нысан тиісті инфрақұрылыммен қамтылатын болады. Сондай-ақ, зауыт жылына 40 мың дана жуыну ваннасын және 40 мың қол жуғыш құралдарын шығаруға қауқарлы. Зауыт іске қосылған жағдайда 30 адам жұмысқа тартылмақ.
Жоба құны 1 миллиард теңгені құрайды, сонымен қатар 2024 жылы іске қосылады деп күтілуде.