Шымкентте тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимаратының мәжіліс залында Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалдарының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов және Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шерімов арнайы қатысып, мәдениет қызметкерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиналысты «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев құттықтау сөзімен ашып, Шымкент қаласындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерін марапаттады.Құрметті әріптестер! Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері! Сіздерді басты мемлекеттік мереке – Отанымыздың Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын. Бұл күнге жетуді бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған. Тәуелсіздік жолында қазақтың талай батыр ұл-қыздары жандарын пида етті. Сондықтан да еліміз үшін тәуелсіздік қасиетті де қастерлі ұғым.Тәуелсіздіктің арқасында біз баға жетпес сый – болашағымызды өзіміз таңдау мүмкіндігіне ие болдық, – деді Бауыржан Ілімшеұлы. Шымкент қаласынан мәдениет саласындағы елеулі еңбегі үшін «Еңбек даңқы» төсбелгісімен:1. Гүлмира Алмысбаева (Әл-Фараби атындағы кітапхана)2. Тұрсын Ахметов (Қазығұрт спорт клубы)3. Жұмабек Есімов (Ж.Шанин атындағы Қазақ драма театры)4.Зульфия Ғаниева (Шымкент зоопаркі)Ал, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен»:1. Анар Жаппаркулова (Әл-Фараби атындағы кітапхана)2. Бақыт Оразбаева (Шымкент зоопаркі)3. Роза Мырзабасова (Көрме орталығы)4. Гүлия Пердебаева (Қуғын сүргін құрбандары музейі)5. Жамила Абдулхасанова (Өзбек драма театры) марапатталды.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы