Шымкентте халықаралық білім көрмесі өтеді

Шымкент қаласындағы Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінде 2023 жылғы 3 қазан күні сағат 11:00-18:00 аралығында «International Educational Fair 2023» халықаралық білім көрмесі өтеді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін бұл көрмеге биыл әлемнің 60-тан астам елінен оқу орындары қатысады.

«Ali Group» білім және мәдениет, медиа компаниясы баршаңызды білім беру саласындағы озық тәжірибелермен танысуға шақырады.