Шымкентте «Қорғау» қосымшасы ₸12,5 млн қарызы бар тізгіндеуші ханымды анықтады

Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік иесі туралы белгі алды.

Ақпаратты полицейлердің қызметтік планшетіне орнатылған «Қорғау» бағдарламасы берді.

Toyota Camry иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 12500000 теңге қарызы бар екені анықталды.

Патрульдік полицейлер көлікті Темірлан тас жолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында ұстады.

Қарызынан жалтарған жүргізушіге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертілді.

Көлік айып тұраққа қамалды.

Шымкент Қаласының ПД