Шымкентте қоғамдық орындарға жалпы саны 70 wi-fi құрылғылары іске қосылатын болады

Қаламыздағы қоғамдық орындарды тегін wi-fi желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы 20 қоғамдық орынға 55 wi-fi құрылғылары орнатылған болатын.

Ал, ағымдағы жылы қосымша 5 қоғамдық орындарға 15 wi-fi құрылғыларын орнатып жалпы саны 70 wi-fi құрылғылары іске қосылатын болады. Қазіргі таңда, аталған құрылғыларды іске қосу үшін мемлекеттік ашық конкурс өткізілуде.