Шымкентте 48 шақырымдық айналма жол жүргізіледі

Автокөлік жолдары кез келген мемлекеттің күретамыры секілді. Жолы арқылы сол елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қандай деңгейде екенін аңғаруға болады. Сондықтан да жолдың ел экономикасының тұрақты дамуына қосар өзіндік – үлес маңызы айтарлықтай мəртебеге ие. Көлік жолдары қай уақытта да кез келген мемлекеттің дамуына әсер ететін негізгі фактор. Осы көлік жолдарын күтіп -ұстау, оның сан алуан тыныс-тіршілігін ұтымды үйлестіру, түрлі бағыттар мен көптарапты мақсаттағы автокөліктік қатынастардың қолайлы жүйеленуін қамтитын іс барысында осы саладағы мекеме – ұйымдардың қызметі қашанда қауырт, қай кезде де назарда. Олай деуімізге дəйек пен дəлел жеткілікті. Қазіргі уақытта индустриалды-инновациялық даму кезеңінде  автокөлік жолдарының атқарар рөлі орасан зор. Жол салу көп қаражатты қажет ететін күрделі құрылыс.    

Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы Шымкент қаласының оңтүстік-шығысында жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 1- санаттағы айналма жолының құрылысы жүргізіледі. Жол Ташкент қаласы мен Алматы, Қызылорда бағыттарындағы көлік қозғалысын байланыстыратын болады.

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында ведомство басшысы М. Қарабаевтың төрағалығымен өткен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері талқыланған жиында айтылды.

Келелі жиынға Шымкент тарапынан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов пен жол саласындағы жауапты мердігер мекемелердің өкілдері қатысты. Басқосуда республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері мен құрылыс және жөндеу жұмыстарының жобалары таныстырылды.