Шымкенттік Полицейлер есеп шотындағы 500 000 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденген азаматты анықтады

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған деп хабарлайды Шымкент қаласының ПД Баспасөз қызметі. Ол өз арызында, 29.08.2021 ж. ОЛХ интернет қосымшасында тұрған жиһазын, белгісіз тұлға аламын деп, Центр Кредит Банк есеп шотын сұрап алып, аударуға мүмкіншілік болмай тұр деп, ұялы телефонына келген СМС сұрап алып, есеп шотындағы 500.000 теңге ақшасын басқа есеп шотқа аударып алғанын көрсеткен. Аталған жайт бойынша, Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.