Шымкенттік полицейлер жоғалған 6 жасар қызды тауып, ата-анасына аман-есен табыстады


2021 жылдың 15-мамыр күні Қаратау аудандық Полиция басқармасына жергілікті жердің 35 жастағы тұрғыны сағат 18:15 шамасында 6 жасар қызы үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткені туралы арызданған деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі


Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың дабыл қағуымен полиция қызметкерлері 6 жасар қызды табу үшін іздестіру іс-шарасына жұмылдырылды. Сондай-ақ, кинологияның қызметтік иттерімен іздестірілді.  
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2021 жылдың 15-мамыр күні сағат 19:35 шамасында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 6 жасар қызды көршінің үйінде ойнап жүрген жерінен аман-есен тауып, ата-анасына жеткізді. 
Өз кезегінде, жоғалған қыздың ата-анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.