Шымкенттік полицейлер танысымын деп, ақшасын алдап алып кеткен алаяқты анықтады

2021 жылдың 8-тамызында Әл-Фараби АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Ол өз арызында «WhatsApp» әлеуметтік желісінен телефон нөміріне белгісіз тұлға танысы екендігі туралы хат жазып, сеніміне кіру арқылы 100 000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алғандығын көрсетті. Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.