Шымкенттік полицейлер қорқор шегуге тыйым салу ережелерін бұзған мекемелерді анықтады

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері мен мобильді топ өкілдері қаладағы көңіл көтеру орындарында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізді деп хабарлайды Шымкент қаласының ПД.

Тексеру барысында бірқатар мекемелерде темекі өнімдерін (кальян) қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салудың бұзылу деректерін анықтады. Яғни Қонаев көшесі бойында орналасқан «Cezaro» лаундж барының әкімшісі бетпердесіз жүргені сондай-ақ келушілерге қорқор ұсынып карантин талаптарын өрескел бұзған. Тәртіп сақшылары көңіл көтеру мекемесінің ішінде 18 азамат болғанын айтады. Осы жайттар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша әкімшілік хаттама және карантин режимін сақтамағаны үшін әкімшілік іс-құжаттар рәсімделді.Анықталған құқық бұзушылық жайтына қатысты, нысан иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жинақталған материалдар Әл-Фараби ауданы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жолдады.

Естеріңізге сала кетсек, мейрамханаларда, кафелерде және басқа да қоғамдық мекемелерде кальян шегуге тыйым салынады.