Шымкенттік полицейлер “Құрбан айт” мерекесінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша рейд өткізді

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жүргізілген рейд барысында Шымкент қаласы, Теріскей шағынауданы 23 а үйде орналасқан «Ықылас» медресесі карантиндік талаптарды сақтамай, жұмыс жасап жатқанын анықтады. «Ықылас» медресесі құрбандық шалу рәсімін өткізіп, адамдарды қабылдаған. Сонымен қатар, нысан қызметкерлерінің бір реттік бетпердені тақпағандары да белгілі болды. Мердесе әкімшілігінен түсініктеме алынды. Айта кетейік, қала аумағындағы рейдтік шаралар күшейтілген күн тәртібіне сай қолға алынған. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мен аудандық әкімдік өкілдерінен жасақталған мобильді топ өкілдері карантин талаптарының сақталуын қатаң қадағалап жатыр.Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі#dp_shymkent#polisiakz#qriim_mvdrk#police_shymkent#департаментполициигородашымкент#шымкентқаласыныңполициядепартаменті#Халықпенкерібайланыс#Халықүнінеқұлақасатынмемлекет#Слышащеегосударство#обратнаясвязь