Шымкент: Полицейлер жоғалған баланы бір сағатта тауып, ата-анасына табыстады

2022 жылдың 10-ақпанында сағат 11:30 шамасында Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын «102» арнасы арқылы 11 жасар ұлының үйден шығып қайта оралмағанын хабарлап, полициядан көмек сұраған. Полицейлер хабарламаны алған бойда бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден, көршілерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, жоғалған бала бір сағат ішінде үйіне жақын маңнан табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды. Өз кезегінде, баланың анасы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Шымкент қаасының полицейлері тұрғындарға балаларына абай болып, оларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі