Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында күрделі ота жасады.

Ағымдағы жылдың 21-тамыз күні жедел жәрдем қызметімен науқас бала ауыр жағдайда қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Пациентте оң тізе астынан қан кету, аяқтың тізеден төмен бөлігінің көгеруі, мұздауы сынды белгілер болған.

Пациентті жедел түрде тексерген мамандар оң тізе асты артериясы мен венасының толықтай кесілген жарақатын анықтаған. Науқас балаға шұғыл түрде ота жасалмаса, аяғындағы жарақаты асқынып мүгедек болып қалу қаупі басым еді. Осыны ескерген тәжірибелі ангиохирург,анестизиолог дәрігерлер Олжас Шынтасов, Мақсат Умирбаев, Тотиков Берик пациентке жедел ота жасады.

Хирургтар науқас баладағы тамырларының диаметрінің кішкентай болуына байланысты, микроскопиялық LEICA ONX аппарат көмегімен ота жасаған. Операция кезінде мамандар үзілген тізе асты артериясын ұшпа-ұш жалғап тігіп берді.

“Отадан кейін, аяқтың төменгі бөлігіне қан барып, жылып, тобық аймағында пульс пайда болды. Баланың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, үйге шығуға дайындалып жатыр. Тамырдың жарақатына дер кезінде жоғарғы медициналық көмекті дұрыс көрсетпеген жағдайда, көбіне дистальды бөлігі өкінішті жағдай ампутациямен аяқталуы мүмкін. Ата-аналар балаларна коңіл бөліп жүруге және жарақаттың алдын алуға шақырамыз”-дейді бөлім меңгерушісі Олжас Шынтасов.

Шымкент қаласының денсаулық басқармасы