Шымкент қаласында «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасына дайындық кезеңі жүргізілуде

021 жылдың 23-тамыз және 1-қыркүйек аралығында Шымкент қаласы аумағында Полиция департамент тарапынан «Абайлаңыз, балалар» тәртіптік іс-шарасы өз бастауын тапты деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Оның негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азайту және жолдарда қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын нығайту. Осыған орай, Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ № 21 УПП қызметкерлері УПИ полиция майоры О.Альжанов пен УПИ полиция майоры А.Бекжигитов Желтоқсан көшесі мен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында және Д.Қонаев даңғылы бойында «Абайлаңыз, балалар!» құқықтық іс-шарасының негізінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлері тарапынан жасы кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына, сондай-ақ жасөсіпірімдерге жол жүру ережесін сақтау, жаяу жүргіншінің бағдаршамның тек жасыл түсіне өту, жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615 бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтыратыны туралы айтылды. Бүгінгі таңда, «Абайлаңыз, балалар!» іс шара аясында Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 615-бабымен азаматтарға 253 хаттама толтырылып, аталмыш іс-шара өз жалғасын табуда.