Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау 8 мыңнан астам азаматқа қарастырылу жоспарлануда

Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасында тұрғындарды баспана мәселелеріне қатысты қабылдау жүргізілді. Аталған шарада 100-ге жуық азаматтың тұрғын үйге қатысты сауалдарына басқарма басшылығы және сала мамандары Заң аясында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, зерделеу жұмыстарын қажет ететін сұрақтар бойынша қағаз жүзіндегі олардың өтініштерін қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың көпшілігі тұрғын үй кезек мәселесі, тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау, ипотекалық бағдарламаларға қатысудың талап шарттарына қатысты сұрақтармен жүгінді.2021 жылы 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланып, жыл қорытындысмен 812 қамтылды. Қалған 164 пәтердің 121-і 2022 жылдың қаңтар айында беріліп, 43-і наурыз айында өтетін тұрғын үй комиссиясының қарауына ұсынылып, сәуір айында қамтылатын болады. 2022 жылы азаматтардың пайдалануына жалпы 1605 сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру жоспарлануда. Оның ішінде: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-54, Көпбалалы отбасылар-476, Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы — 218, Жұмыс істейтін жастар-857.2022 жылы кезекте тіркелген 1,2 топ мүгедектерге, жетім балаларға, көпбалалы және мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасыларға Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу мәселесі нақтылануда. Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау 8 мыңнан астам азаматқа қарастырылу жоспарлануда

Шымкент тұрғын үй басқармасы