Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы тағайындалды.

Нұргүл Ақылбекқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін, «Тұран-Астана» университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі — орыс тілі мен әдебиеті, психология, менеджмент.

Еңбек жолының 22 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.

Соңғы жылдары Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі