Экс-сүйіктісінен миллиондар бопсалаған шымкенттік қамауға алынды

Бұрын бірге тұрған ер адамның өзін қорқытып жүргені туралы қала тұрғыны полицияға жүгінді. Арызданушының айтуынша, ер азамат оның интимдік видеоларын интернетке таратпау үшін 20 мың доллар талап еткен.

Күдіктіні қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері талап етілген соманың 2 миллион теңгесін алу үстінде ұстады. Жайт бойынша полицейлер тергеу әрекеттерін бастады. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғаушылар мұндай жағдайларда дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.

Шымкент қаласының ПД