Этносаралық қарым- қатынасты нығайту

Жалпы аудан бойынша 183 отбасында 1000-ға жуық иран халқы тұрады. 1938 жылдан бастап Ордабасы ауданына қарасты Қараспан ауылында қоныстанған. Егін және мал шаруашылығымен айналысып, ауданның экономикалық өсуіне үлес қосып келеді.Өткен жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аудандағы Иран ұлтының жетекші қариясы Багиров Мамед Залиевич ауданның «Құрметті азаматы» атанды.Бүгін, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Ысқақпен иран халқының жетекшісі М.Багиров этносаралық қарым-қатынас мәдениетін одан әрмен дамыту мен келісімді сақтап, 2022 жылға атқарылатын жұмыстар мен жоспарларды талқылады.

Ордабасы ішкі саясат бөлімі