Қадірлі отандастар!

Баршаңызды өз тарихымыздағы мерейлі мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл — ғасырлар тоғысында ата — бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жүзеге асты.Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту Сіз бен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі — Тұңғыш Президент күні құтты болсын!Баршаңызға мерекелік көңіл — күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!

Құрметпен,Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев