Қазақстан мен Өзбекстан арасында туристік автобустар жүреді

Қазақстан мен Өзбекстан арасында туристік автобустар қатынайды.

Ташкент облысы әкімшілігінің мәліметі бойынша, туристік көлік Түркістан қаласы мен Өзбекстанның астанасы орналасқан облыстың әкімшілік орталығы Нұрафшанды байланыстырады. Болжам бойынша автобустар бір жыл ішінде 10 мың туриске дейін тасымалдай алады.

«Облысымызға туристік ағынды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының көршілес Түркістан облысы мен Нұрафшон қаласын байланыстыратын тұрақты туристік автобусты іске қосу туралы келіссөз жүріп жатыр», — деп хабарлады Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы мақсатта «Алтын сақина» концепциясы аясында бескүндік маршрут жасалады. Оған туристік әлеуеті жоғары Бостандық, Паркент, Зангиота, Ахангаран, Шыназ аудандары мен Ангрен кіреді. Кейінірек маршрутқа облыстың басқа да аудандары қосылады.

Мекеме облыста 59 туристік агенттік, 34 қонақүй мен 907 отбасылық қонақүй бар екенін атап өтті. Былтыр өңірге 265 мың шетелдік турист, 1,5 млн ішкі турист келген, ал қызметтер экспорты $79 млн болған.