Қазақстан республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2023 жылғы 6 желтоқсан күні ҚР Көлік министрі Қарабаев Марат Кәрімжанұлы Шымкент қаласының тұрғындарымен кездеседі. Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.

Кездесу сағат 10:00-де Шымкент қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 12 мекенжайы бойынша орналасқан Көрме орталығында өтеді.

Өңір тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге шақырамыз.

Толық ақпарат үшін телефон: +7 707 808 60 70, Дәулет Сәмбетбаев