Қазақстан Қырғызстанға 2000 тонна дизель отыны түрінде гуманитарлық көмек жіберді

гуманитарлық көмек

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен қырғыз халқына дизель отыны түріндегі 2000 тонна жүк бөлінді.            

Естеріңізге сала кетейік, Бішкек ЖЭО-да ағымдағы жылдың 2 ақпанында апат орын алып, Бішкекте жылу және ыстық су мәселелері басталды. Қазақстан жеткізген дизель отыны көлік, ауыл шаруашылығы және медициналық мекемелерді қоса алғанда, тыныс-тіршіліктің түрлі салаларындағы энергетикалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады.

2024 жылғы 28 ақпанда ҚР ТЖМ «Резерв» РМК «Заря» филиалынан 1000 тонна дизель отынының бірінші партиясын 17 вагон-цистернамен жөнелтті.

Бұл гуманитарлық көмек Қазақстанның көрші елдермен әріптестік қатынастарды дамыту жөніндегі тұрақты күш-жігерінің және бүкіл өңірді дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға одан әрі жәрдемдесудің бір бөлігі болып табылады.

ҚР СІМ «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Баспасөз қызметі