Қазығұртта Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібінде бір мәселе, Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2023 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жайлы есебі тыңдалды. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов кеңес мүшелері алдында атқарылған істер және алдағы жоспар жайлы жан-жақты баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан соң Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан мектеп, спорт кешендерінің құрылысы, мазаратқа жер беру мәселесі, ауыз су және жастарға қолдау көрсету мәселелері төңірегінде сауалдар қойылды. Сондай-ақ, бірнеше кеңес мүшелері жарыссөздерге шығып, атқарылған жұмыстарға баға беріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін де жеткізді. Қойылған сұрақтарға аудан әкімі Азизхан Азимханұлы толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстардың алдағы жоспарды орындау барысында назарға алынатынын тілге тиек етті.