Қайсар жастар — тәуелсіз елдің жарқын болашағы

Жас келсе, іске. Ал өрт сөндіру саласын тек бойында қайсарлық, адам өмірі мен материалдық құндылықтарын құтқаруға деген құштарлық бар жастар ғана таңдайды. Олардың бірі- Төлепбек Дуйсебекұлы Байдаулет. Шымкент қаласындағы №1мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші қызметін атқаратын ол бұл салаға жұмысқа орналасқанына не бәрі 1 жыл ғана болса да өзінің қайсарлығымен көзге түсе білді. 2021 жылғы 1 тамызда Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Ақжайық шағынауданы, Қоңыраулы көшесінің бойында орналасқа жеке тұрғын үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына бөлімнен негізгі 1 бірлік өрт сөндіру автокөлігі жеке құраммен жіберілді. Оқиға орнында үйдің ауласында орналасқан монша мен қора толығымен жанып жатқандығы сондай-ақ қорада 50 литрлік газ баллонның бар екендігі анықталды. Кез келген сәтте жарылыс болуы мүмкін еді. Азаматтық қорғау кіші сержанты Толепбек Дүйсебекұлы өміріне қауіп төнгендігіне қарамастан қораға кіріп, баллонды қауіпсіз жерге шығарды. Жас маманның батыл және дұрыс шешімдерінің арқасында газ баллонының жарылысына жол берілмеді. Осылайша Т. Байдаулет жас маман болса да, кәсіби іс-әрекетімен бір отбасының өмірін құтқарды. Танытқан қайсарлығы үшін ҚР ТЖМ «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгісімен марапатталды. Өз қызметін адал атқарып, басты құндылық-адам өмірін құтқару жолында аянбай еңбек етіп жүрген осындай тәуелсіз елдің батыл да, қайсар жастары елдің жарқын болашағы деп білемін.

Қ. Арсланов Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі