Қала активіне Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жаңа басшысы таныстырылды

Шымкент қаласы активінің отырысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Мақсат Қожабаев Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жаңа басшысы Шаттық Утеевті таныстырды.

 Шаттық Утеев 1971 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

1999-2001 жылдары – Маңғыстау облысы бойынша Салық полициясы комитеті басқармасының инспекторы.

2001-2002 жылдары – Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті экономикалық қылмыстарды анықтау басқармасы екінші бөлімінің аға инспекторы.

2002-2014 жылдары – қаржы полициясы органдарында қызмет атқарған.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасары.

Қазіргі тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 4 департаментінің басшысы лауазымын атқарған.