«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» онлайн кездесу өтті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне қарасты Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының құрамындағы «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-і бастауыш кәсіподақ ұйымында онлайн кездесу өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Утешев, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Абдурайра Манахов, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-і аппарат басшысы Асқар Ақшаев, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнұр Сүйіндікова, кәсіподақ мүшелері қатысты. Кездесуді «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев ашып беріп, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында өткізіліп жатқан кездесулер тәжірибе алмасу және еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік беретінін жеткізіп, конференция қатысушыларымен таныстырды.Бұдан кейін «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-і бастауыш кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстары және жеткен жетістіктері бойынша арнайы дайындалған бейнематериал қатысушылардың назарына ұсынылды.Сөз кезегін алған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнұр Сүйіндікова «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де тәуелсіз кәсіподақ кәсіпорын құрылғалы бері жұмыс жасап келгенін және де қызметінің бірінші күнінен бастап қызметкерлердің еңбек шарттарын, персоналға әлеуметтік қолдау көрсету, жастарға, көп балалы отбастарына, өндіріс ардагерлеріне әлеуметтік кепілдік ұсыну бойынша әрекетті шараларды өмірге енгізумен келгенін жеткізді.Компания басшылығы жасалған ұжымдық келісімшарт аясында таңдалған әлеуметтік басымдылықтарды ұстанып келеді. Жыл сайын кәсіподақ есебінен әртүрлі қосымша сыйақылар, материалды қолдау, мерейтой иелері гүлдер және грамотамен құрметтеледі. 8-наурыз мерекесіне қаржылай сыйақы беріледі, қызметкерлер мен өндіріс ардагерлеріне Наурыз мейрамын ұйымдастыру дәстүрлі болып кеткен. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бас директоры Анарбек Оңғарұлы Орман мырзаның қолдауымен қызметкерлердің балаларына «Мектепке барар жол» іс-шарасы белсене жұмыс атқарылып, жаңа жылдық ертеңгіліктері мен сыйлықтар ұйымдастырылады.Қалыптасқан дәстүр бойынша компания үнемі өзінің ардагерлеріне құрмет көрсетеді, жыл сайын егде адам күніне арнап 144 ардагерлерге әлеуметтік пакеттер ұйымдастырылады. Ұйым кәсіподағы бастамасының арқасында бүгінгі күнде компания қызметкерлерін ұжымда корпоративтік көңіл күй, бәріне жалпы істің өркендеуі мен табыстылығына позитивтік ынталандыру біріктіруде. 2021 жылда ұйым кәсіподағы нарықтық бағадан 20% — ға төмен бағалы азық-түлікпен қызметкерлерді қамтамасыз ету бойынша бағдарлама ендірілді. Осы бағдарлама аясында қызметкерлерге 20000 килограмм — қант, 5 мың килограмм — макарон , 8000 килограмм — күріш, 15000 литр — күнбағыс майы, 20000 килограмм — ұн , 2000 килограмм — алма, нарық бағасынан төмен бағамен жемістер таратылды.Сондай-ақ, мекемеге қарасты жеңілдіктер жүйесі бойынша (15%) азық-түлік дүкені жұмыс істейді. Сонымен қатар, қазіргі кезде елімізде эпидемиялық жағдай күрделенуіне және «Covid-19» инфекциясының өршіп таралуына байланысты, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-гінің қызметкерлеріне және келушілеріне сақтық шараларын қамтамасыз етуіне ықпал жасалынып жатыр.Ал, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-і аппарат басшысы Асқар Ақшаев шешімін таппаған бірқатар мәселелерді ортаға салды. Асқар Артықбайұлының мәлімдеуінше, Заңнамада белгіленген кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлық жалақысының (121 мың теңге) төмен деңгейі салдарынан (мәселен қаламызда орташа айлық 178,1 мың теңге болса, республикада 233,1 мың теңге) білікті кадрлардың жұмыс орнын ауысуына әкеледі. Олар – автоматшылар, электр монтаждаушылар, дәнекерлеушілер, бағдарламашылар және т. б. Осыған орай, тиісті өңірлердің орташа айлық жалақысы деңгейінде сумен жабдықтау кәсіпорындары үшін орташа айлық жалақыны белгілеу бөлігінде тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті.Сондай-ақ, Асқар Артықбайұлы ҚР Үкіметінің 24.05.2011 ж. №570 және 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 1134 қаулыларына сәйкес бекітілген «инвестиция негіздемесімен» анықталған жалпы сома жыл сайынғы қымбаттау коэффициентін ескере отырып, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС теңгеріміндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйесін қайта жаңартуға және жаңғыртуға 70,2 млрд. теңгені құрайтынын мәлімдеді. Қаржыландыру бюджеттік субсидиялау тетігін қолдана отырып, Еуропа Қайта құру және даму банкінің қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылуы тиіс екенін айтты. Бұл мәселе ҚР Парламенті деңгейінде қаралса деген тілегін жеткізді.Асқар Артықбайұлы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қаулысына сәйкес Smart city тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін автоматтандыру жөніндегі іс — шаралар көзделуге тиіс. Алайда, Шымкент қаласында әрбір мемлекеттік органның, коммуналдық шаруашылықтардың жергілікті атқарушы орган бекіткен цифрландыру (автоматтандыру) жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарлары жоқ», – деді. Аппарат басшысы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан қалалардағы цифрландыру дәрежесін бақылауды жүзеге асыру қарастылуын сұрады.Кездесуді қорытындылаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Утешев көтерілген мәселелер жауапсыз қалмайтынын айтып, Үкіметке жеткізілетінін мәлім етті.Бұдан кейін Кәсіподақтар федерациясының қатысу үлесі бар шипажайларына баратын кәсіподақ мүшелерінің сауықтыруын және оқытуын біріктіруге бағытталған «Ем ал! Дем ал! Білім ал!» жобасына тоқталды. Жоба аясында кәсіподақ мүшелері 10 күн ішінде қазіргі заманға сай оңалту процедураларын қабылдайды әрі Кәсіподақтар федерациясы өкілдерінен жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесіне қатысты 10 түрлі тақырып бойынша дәріс алады.Білім беру-сауықтыру жобасы «Адал Ниет Астана» оңалту орталығының базасында пилоттық режимде жуырда іске қосылады. Ал 2022 жылдан бастап тың тәжірибе кәсіподақтық шипажайларға таратылады. ҚРКФ жоба арқылы бір күнтізбелік жыл ішінде 12 мың кәсіподақ мүшесін қамтуды жоспарлап отыр.Нұрлан Сүлейменұлы кездесуді «Біз кәсіподақ мүшелерінің барлық өзекті мәселелерін жүйелі түрде шешуге «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» деген ұранымызды ұстана отырып, қол жеткізе аламыз», – деп қорытындылады.