Қарасуда жол пайдалануға берілді

Аудан әкімі Ақбай ауылының Жаңақұрылыс аумағында болып, ағымдағы жылдың шілде айында пайдаланысқа берілген кентшілік жолдар нысанымен танысты.

Аудандық бюджеттен 313969,0 мың теңге қаржы көзі қаралған. Көшелердің жалпы ұзындығы 3,120 шақырымды құрайды. Жүру жолағының саны — 2 дана. Жер төсемінің ені — 12,11,8 м., жүру бөлігінің ені — 5,50 м. Жол жабындысының түрі — күрделі. Аталған жол Б типті және ІІ маркалы майда дәнді асфальт бетонымен жабылған. Жолаяқтардың ені — 1 м. Құрылысын жүргізген «Отар құрылыс» ЖШС-і. Нысанның құрылысы 2021 жылы басталған.

Аудан әкімі көше жолдарын аралау барысында Мемлекет басшысының жол құрылысына қатысты қойған қатаң талабын мердігерге түсіндіріп, құрылысының сапасына аса мән берілетіндігі және бақылауда болатынын атап өтті.

Ал, ауыл ақсақалы мен тұрғындар Ұласбек Сәдібекұлына алғыстарын айтып, ақ баталарын жеткізді.

Айта кетелік, Сайрам ауданы бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1276,3 шақырымды құрайды.

Аудандық маңызы бар КSRХ-3, KX-3 Қожақорған-Нұржанқорған , КХ-40 Жібек Жолы-Машат , КХ42, КХ-3 Ақбұлақ, КХ-83 Өтеміс, КХ-146 с.Теспе автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ішкі көшелер бойынша 616 дана 951,7 шақырымды құрайды. Оның ішінде 530,3 шақырымы қанағатты немесе 55,7%, 421,4 шақырымы қанағатсыз немесе 44,3%.

Аудан бойынша бірқатар жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында РБ, Ұлттық қордан және облыстық, аудандық бюджеттер есебінен барлығы 575,9 млн.теңге қаржы қаралған.

Қазіргі таңда, аудандық маңызы бар 4 автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі