Қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылды

Шымкент қ.ТЖ департаментінің ТЖ алдын алу бөлімінің және Қазселденқорғау мекемесінің мамандары бірлесіп сырғыма қауіпті учаскелеріне жататын Забадам елді мекені мен Қазығұрт шағынауданында зерделеу жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатта жергілікті «Отырар», «НарТВ» телеарналары журналисттерінің қатысуымен баспасөз-туры ұйымдастырылып өткізілді. Забадам кенті ауданындағы жалпы ауданы 26000 м2 1 учаске. Көшкін үрдістерінің ықтимал әсер ету аймағына Гүлстан көшесі бойындағы 8 тұрғын үй кіреді, онда 36 адам тұрады және ұзындығы 250 метр асфальтталған жол учаскесі бар;3 учаске Қазығұрт шағынауданында; жалпы ауданы 53 600 м2. Көшкін процестерінің ықтимал әсер ету аймағына Құрылыс көшесіндегі 7 тұрғын үй және Батумская көшесіндегі 2 тұрғын үй жатады. Тұрғындардың жалпы саны 33 адам.2021 жылы Шымкент қаласының аумағын зерттеу барысында қосымша көшкін қаупі бар учаскелер анықталған жоқ. Шымкент қаласы бойынша барлығы 95 объект орналасқан және 388 адам тұратын жалпы ауданы 474 5002 көшкін қаупі бар 12 учаске анықталдыЖүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Шымкент қаласының аумағында сырғыманың ықтимал түсу аймағына түсетін қосымша сырғыма қауіпті учаскелер мен объектілер анықталған жоқ.

Шымкент қ.ТЖ департаменті