«Қауіпсіз Жаңа Жыл!» акциясы

«Қауіпсіз Жаңа Жыл!» акциясы аясында Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар басқармасы пиротехникалық бұйымдарды сататын орындарға рейд жүргізуде.ТЖ қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ ақаулы жылыту аспаптарын пайдалануға жол бермеу қажеттігі туралы еске салады.Қатаң түрде тыйым салынады:- сатып алынған пиротехниканы қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысқанға дейін пайдалану; — 5 м/с астам жел кезінде пиротехниканы қолдану; — қауіпті аймақта (қаптамадағы қауіпті аймақ радиусын қараңыз) адамдар, жануарлар, жанғыш материалдар, ағаштар, ғимараттар, тұрғын үй құрылыстары, электр сымдары болған кезде пиротехниканы жаруға; — салюттерді қолдан іске қосу (шартылдақтарды, бенгал оттарын, фонтандардың кейбір түрлерін қоспағанда) және оларды пайдаланғаннан кейін 2 минут ішінде бұйымдарға жақындау; — өнімді пайдалану кезінде оған еңкейіп қарау; — жарамдылық мерзімі өткен, көзге көрінетін зақымдары бар бұйымдарды пайдалану; — қолдану жөніндегі нұсқаулықта және осы қауіпсіздік шараларында көзделмеген кез келген іс — әрекеттерді жүргізуге, сондай-ақ дайын бұйымдарды бөлшектеуге немесе қайта жасауға; — пиротехниканы жабық үй-жайларда, пәтерлерде, кеңселерде пайдалануға, сондай-ақ балкондар мен лоджиялардан отшашуды іске қосуға; — балаларға пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше іске қосуға рұқсат ету; — қолдан жасалған құралдарды қолдану; — электр жылытқыштарды перделерге, төсек-орынға және басқа да тез тұтанатын заттарға жақын орнатуға; — басқа құрылғыларды жылытқышы бар бір розеткаға қосуға; — жылытқыштарда киім-кешекті немесе басқа заттарды кептіруге; — балаларды электр жылытқыштар желісіне қосылған ересектердің қарауынсыз қалдыруға.

Шымкент қаласы ТЖД