Қонақ үй кешендерінің өкілдерімен зияткерлік меншік бойынша кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 16 мамырында Түркістан облысының Әділет департаменті «Контрафакт» Республикалық акциясы аясында қонақ үй бизнесі өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға «Grand Villa» және «Central Asia» қонақ үй кешендерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару, зияткерлік меншік объектілерін тіркеу мәселелері қамтылды.

Түркістан облысының Әділет департаменті