Қоғамдық кеңестің мәжілісі өтті

2023 жылдың 29 мамырында Түркістан қаласының қоғамдық кеңесінің кезекті мәжілісі болып өтті.

Күн тәртібінде қалалық жалпы орта мектептерінде ҚР білім беру саласындағы заңнама, талаптардың сақталу, білім саласындағы атқарылған жұмыстар жайлы, жасөпірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша есебі, «Б» корпусы Түркістан қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту мәселелері талқыланды. Күн тәртібінен бөлек алдыңғы тапсырмалардың орындалуы деңгейі мен хат бойынша келген бірқатар ұсыныстар да талқыланды.

Жиынға Қоғамдық кеңес төрағасы М. Атанбаев, Қоғамдық кеңес мүшелері, Қала әкімінің орынбасары Е. Күзембаев.Қалалық жергілікті полиция басқармасының бастығының орынбасары полиция майоры А. Дайрабаев. Қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы О.Қолдасова, Қалалық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Н.Исатаев қатысты.

Жиында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.