Қоғам тұрақтылығы және діни қауіпсіздік

Қоғам тұрақтылығы және діни қауіпсіздік

Қазіргі жаһандану дәуірінде ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы қоғам өмірінің барлық саласына әсер етуде. Әсіресе жастардың дүниетанымы мен көзқарасының қалыптасуына интернет пен әлеуметтік желілердің ықпалы артып келеді. Осындай жағдайда деструктивті діни ағымдардың түрлі ақпараттық ресурстар арқылы өз идеологияларын тарату әрекеттері қоғам үшін өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Сондықтан деструктивті діни ағымдардың ықпалын төмендету және олардың алдын алу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Деструктивті діни ағымдар дәстүрлі рухани құндылықтарға, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікке кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай ағымдар көбінесе азаматтарды қоғамнан оқшаулауға, дәстүрлі мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрлерден бас тартуға шақырады. Кейбір жағдайларда олардың идеологиясы қоғамдағы тұрақтылыққа қауіп төндіріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге бағытталуы мүмкін.

Деструктивті идеологиялардың ықпалына көбінесе діни білімі жеткіліксіз, өмірлік тәжірибесі аз жастар ұшырайды. Сондықтан жастар арасында діни сауаттылықты арттыру – профилактикалық жұмыстың ең тиімді жолдарының бірі. Азаматтардың дін туралы дұрыс әрі сенімді ақпарат алуы олардың күмәнді діни ұйымдардың ықпалына түсу қаупін азайтады. Бұл бағытта білім беру ұйымдарының, отбасының, мемлекеттік мекемелердің және ақпараттық-түсіндіру топтарының рөлі ерекше.

Деструктивті ағымдардың ықпалын төмендетуде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Халық арасында дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау, діни экстремизм мен радикализмнің зардаптары туралы ақпарат беру қоғамның иммунитетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар азаматтарды ресми және сенімді ақпарат көздеріне жүгінуге үйрету де маңызды.

Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігі қазіргі таңда ақпарат алмасудың негізгі алаңына айналды. Сондықтан деструктивті идеяларға қарсы сапалы әрі мазмұнды ақпараттық контент әзірлеу, жастармен онлайн форматта жұмыс жүргізу уақыт талабына сай шаралардың бірі болып табылады. Бұл бағытта теологтар, дінтанушылар және медиа мамандар бірлесіп жұмыс жүргізуі қажет.

Отбасы институты да жастарды теріс идеологиялардан қорғауда маңызды рөл атқарады. Отбасындағы дұрыс тәрбие, ата-ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлуі және рухани құндылықтарды насихаттауы жастардың сыртқы ықпалдарға төзімділігін арттырады. Сонымен қатар білім беру мекемелерінде өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар мен кездесулер жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Деструктивті діни ағымдардың ықпалын төмендету – қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды шарты. Бұл бағыттағы жұмыстар діни сауаттылықты арттыру, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын күшейту, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу арқылы жүзеге асады. Қоғамның барлық институттары бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана жастарды теріс идеологиялардың ықпалынан қорғап, тұрақты әрі қауіпсіз қоғамдық ортаны қалыптастыруға болады.

Осы орайда Сот қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың ықпалын төмендету мақсатында Түркістан облыстық сотында маңызды семинар өтті.

Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Асхат Өмірзақұлы арнайы қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде сот жүйесінде салафизм мен басқа да деструктивті діни ағымдардың ықпалына жол бермеу, дін саласындағы тұрақтылықты сақтау және ұлттық құндылықтарды насихаттау мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, қатысушыларға шетелде бақылаусыз діни білім алудың қауіптілігі ескертілді.

«Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салуға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен құқықтық талаптар да егжей-тегжейлі түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне (құмар ойындарға) барудан тартынуы және кәсіби әдеп нормаларын қатаң сақтауы қажеттігі ерекше атап өтілді.

Кездесу соңында сот қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға маман тарапынан тұшымды әрі толық жауаптар берілді.