ҚР МҚІА тексеру қорытындысы бойынша қызмет берушілердің 130 қызметкері жауапкершілікке тартылды

пресс релиз

Бақылау функциясы аясында ҚР МҚІА және оның аумақтық департаменттерімен 202 бақылау шаралары, оның ішінде 54 – бақылау объектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және 148 жоспардан тыс тексерулер — 148) деп хабарлайды  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі      .

Тексерулер қорытындысы бойынша анықталған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама бұзушылықтарды, оларды жасау себептері мен жағдайларын жою бойынша 125 ұйғарым енгізілді, оның орындалғаны – 97, орындалу үстінде – 25.

Тексеріс нәтижелері бойынша қызмет берушілердің 130 қызметкері әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (әкімдіктер — 76, орталық мемлекеттік органдар — 54).

Олардың 25 % астамы қызмет берушілердің басшылығына тиесілі екендігін атап өту қажет.