Қызметтік әдепті сақтау қағидалары түсіндірілді

🔹 Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ерлан Ермаханбетов Түркістан облысының Әділет департаментінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🔹 Аталған кездесуде мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін қарау сапасын жоғарылату мәселелеріне тоқталып, мемлекеттік қызметшілер тарапынан жиі орын алатын бұзушылықтарды алдын-алуға бағытталған іс-шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.