Құрметті халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!

Сіздерді әлеуметтік қызметкерлер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл кәсіби мереке мейірім мен шапағат мейрамына, игі дәстүрге айналды. Бүгінгі таңда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің саны артып, мұқтаж жандарға әртүрлі көмектер көрсетілуде.Сіздердің еңбектеріңіз еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Адамдардың бұл өмірдегі міндеті – өзі секілді өзге де адамдарға жәрдемдесу. Осындай еңбек саласында жұмыс жасайтын адам үшін ең жақсы тілек-көмекке лайық адамдардың алғыс білдіруі. Қажырлы еңбектеріңіз, кең жүректеріңіз, өзгенің қайғысына көз жұмып қарай алмайтын адалдықтарыңыз, ақжүректіліктеріңіз үшін сіздерге мың алғыс.Қиын да қажетті мамандық бойынша тер төгіп жүргендіктеріңіз үшін шын көңілден шексіз ризашылығымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін! Ел игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер!

Ізгі ниетпен,«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев.