Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

2021 жылғы 9 сәуір күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ өтеді.

Іс-шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының Қаратау ауданы бойынша бөлімінде, Қ.Төлеметов көшесі №35 мекенжайында өтеді.

Қоғамдық қабылдау барысында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы М.Әлиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары, «ОҚО талдау және болжау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі Б.Орманов, «Ecosana» қоғамдық қозғалысының басшысы, Шымкент қаласы Жастар маслихатының депутаты Н.Төленбек, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының маманы Е.Нуров, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Әлеуметтік көмек төлемдерін жүргізу бөлімінің басшысы Г.Нуржанова, қоғам белсендісі С.Сайлауов, қоғам белсендісі Қ.Абдиров және Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушыларды қабылдайды.

Қосымша сұрақтар бойынша 87252537459 телефонына хабарласуға болады.