Құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықты алдын алу шаралары

Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицейінде мектеп жарғысын орындау, мектептің, өзінің және өзгенің мүлкін сақтау, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтау, ұстаздар мен басқа қызметкерлердің еңбегіне құрметпен қарау, мектепішілік ережені сақтау мақсатында қазан айы бойынша сараптама рейд жиналысы өткізілді. Қазан айының сараптама жиналысын “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының фракция жетекшілері жүргізді. Оқушылардың сабаққа қатысуы, гигиеналық талаптың сақталуы, мектеп формасының сақталуы, құқықбұзушылықтың орын алуы, сабаққа кешігу, мәдени іс-шараларға қатысу, үйірмелерге тартылу т.б. параметрлер бойынша фракция министрлері баяндама жасап, үлгілі деген сыныптарды марапаттады. Құқық және тәртіп фракциясының жетекшісі Жусипов Ерасыл сабаққа үнемі кешігіп келетін оқушыларды атап, ескерту жасады. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.М.Анартаева, Тунгишбаев С.Т. рейтинг бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптардың жетекшілеріне оқушылардың тәртібі мен үлгерімін қатаң қадағалауды тапсырды.

Сондай ақ  осы  Саттар Ерубаев атындағы N24 IT мектеп-лицейінде Шымкент қаласы Білім басқармасы әдістемелік орталығының 1.09.2022 жылғы N1171 хатына сәйкес 5-11 сыныптарда “Адалдық сағаттары” өткізілді. Тарих және география пәндері бірлестігі мұғалімдері Ғ. Ракишева, Р.Кулжанованың ұйымдастыруымен өткізілген дәріске “Әділдік жолы” РҚБ Шымкент қаласындағы филиалының басшысы А.Ө. Кесебаева, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының фракция жетекшілері, “Адал ұрпақ” ерікті клубының белсенді оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты: Сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәліметтер беру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу шаралары және болдырмау үшін қандай шараларды жасалу керектігін талқылу. Оқушылар бойында нақты азаматтық ұстанымды, патриотизмді қалыптастыру, сонымен қатар оқушылардың құқықтық, саяси сауаттылығын арттыру.

Дәріс барысында тақырыпқа байланысты презентация қойылды. Нәтижесінде оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып отырған шаралар бойынша пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге, сыбайлас жемқорлықты болдырмау шараларын қарастыруға ниеттерін білдірді.