Құқық бұзушылықтың алдын алу және олармен күресу жолдары

Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет.Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қыл­мыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан.

Жасөспірімдердің қылмысқа баруының жолдарын қарастырар болсақ — бала жүрегіне қатігездікті дарытуға себеп болатын адамды қинау мен азаптап өлтірудің эпизодтарын қамтитын компьютерлік ойындар мен мультфильмдер. Онымен қоса сан ғасырдан бері дертке айналған арақ-шарап, есірткі, темекі, түнгі ойынханалар, маскүнемдікке салынған ата-ана, толық емес отбасы тағы да бар.

Отбасында толассыз ұрыс-керістен көз ашпаған жасөспірімдер қылмысқа жақын болып келеді. Олар ата-ана қамқорлығынсыз қалады.

Отбасында балаға дер кезінде қадағалау болып, ата-ана мен бала арасында сенімділік, достық сынды адами құндылықтар орнаса бала қылмыстық істерге бармасы анық. Отбасында жасөспірімдердің қылмысқа бармауын қадағалау жұмыстары басым болуы керек.

Кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім ошақтарында түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып отырады. Осы тұста Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №127 жалпы орта білім беретін мектебінде 9-10 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, алдын алу және оны болдырмау мақсатында нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, осы мақсатта құқық бұзушылықтың алдын алу және олармен күресу жолдары бойынша Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ ӘЗЗ инспекторы полиция лейтананты Ә.Төребай, Полиция капитаны Ж.Таскулова, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас маманы Ирисбекова Роза Махамадазиновна, мектептің аумақтық инспекторы: Н.К. Себаевтың қатысуымен жиналыс өткізілді.