Құқық бұзушылық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты И. Журба атындағы жалпы білім беретін мектепте 8-11 сынып қыздары арасында «Құқықбұзушылық, ерте жүктілік, зорлық — зомбылық пен әлімжеттіктің, өз — өзіне қол салу фактілерінің алдын алу» бойынша кездесу өткізілді. Шараның мақсаты — жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Арыс АПБ инспекторы мен А. Мырзахметова Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылық, суицид, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, оған жауаптар берілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі