Құқық бұзушылық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің  арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі  болып тұр. Құқықбұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім ошақтарында түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып отырады.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебінде, 18.11.2022ж. «Құқық сабақтары- өмір сабақтары» атты тақырыбында құқық қорғау органы, мектеп инспекторы Хамитов Рахымжанмен кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуде  жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, жастардың түнде ата-ананың рұқсатынсыз жүруі және жаман әдеттерден бойын алыс ұстауы айтылды.

Сонымен қатар осы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебінде 16-17.11.2022ж күндері барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста білім алушылардың 1-тоқсан қорытындысы ата-аналарына көрсетілді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылық, суицид, ерте жүктіліктің, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жол жүру ережелерін сақтау, фликермен қамтамасыз ету маңыздылығы туралы айтылды. Интернеттегі қауіпсіздік, мектеп формасына қойылатын талаптар, қыс уақытында күннің ерте батуына байланысты, оқушылардың сабақтары кеш аяқтақталған жағдайда, ата-аналарға оқушыларды өздері алып кетуі туралы айтылды.