Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Шымкент қаласының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары қыс кезеңіне суайдынындарындағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырып өткізді. Мамандар Абай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп қыс мезгілінде балық аулауға шығатын балықшылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара Абай ауданы Бадам өзенінің бойында өткізілді. Ескерту ретінде өзен бойында тақтайшалар орнатылды.

Шымкент қаласының ТЖД